Қарағандыда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті

Фотография - Қарағандыда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті

деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

325 0

Қарағандыда жолаушылар автобусының жүргізушісі аялдамада 8 жасар қыз баланы қағып кетті, ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 4 наурыз күні сағат 12:30-да Сәкен Сейфуллин көшесіндегі «Монша» аялдамасында болды.

«Үшінші сыныпта оқитын сегіз жасар қыз бала автобустан түсіп, жолдан өтпекке әрекеттенген. Бұл кезде аялдамада үш жолаушылар автобусы тұрды. Олардың бірі, № 134 экспресс-бағдары маневрды жасай бастағанда бала дөңгелегінің астына түсіп қалды», - делінген хабарламада.

Қыз бала «ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы» диагнозымен облыстық медицина орталығына жеткізілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 296-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

кетті қағып

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!