«Алматы-Ташкент» тас жолында ірі жол апаты болды, төрт адам тірідей жанып кетті

Фотография - «Алматы-Ташкент» тас жолында ірі жол апаты болды, төрт адам тірідей жанып кетті

деп хабарлады аймақтың жол полициясы басқармасынан.

135 0

Жамбыл облысы Қордай ауданы, «Алматы-Ташкент» тас жолының 143-ші шақырымында, Отар стансысынан 20 шақырым жерде кезекті қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлады аймақтың жол полициясы басқармасынан.

«Алматыдан шыққан «Мерседес бенц» жеңіл көлігінің жүргізушісі тұман жағдайында алдағы көлікті басып озу мақсатында жолдың қарсы бетіне шығып, ОҚО-дан Алматыға бет алған 30 жолаушысы бар «Van Hool-816» автобусымен соқтығысты. Түйісуден кейін «Мерседес» өзімен бір бағытта келе жатқан қырғыз нөмірлері бар «Тойота-эстима» көлігімен жанама соқтығысты. «Мерседес» көлігі өртке оранып, оның жүргізушісі мен жолаушылары толығымен жанып кетті», - деп баяндады облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мәмбет Смайылов.

Қаза тапқандардың арасында «Van Hool-816» автобусының 50 жастағы жүргізушісі (ОҚО, Сайрам ауданының тұрғыны), «Мерседес» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның үш жолаушысы болды. Олардың екеуі - әйелдер, Қордай ауданының 36 және 38 жастағы тұрғындары. Ер адамның есімі анықталуда.

«Тойота-эстима» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары, Қырғызстанның Ош қаласының тұрғындары зардап шеккен жоқ.

Қаза болғандардың мүрделері Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!