Алматыда пара алған жол полицейлері қолға түсті

Фотография - Алматыда пара алған жол полицейлері қолға түсті

Көлік жүргізушіге берілетін сенімхатты тіркеп беру үшін пара алған алматылық жол полиция қызметкерлері тұтқынға алынды

159 0

Көлік жүргізушіге берілетін сенімхатты тіркеп беру үшін пара алған алматылық жол полиция қызметкерлері тұтқынға алынды. Бұл жайында Алматы қалалық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазТаг агенттігі хабарлайды.

«25 ақпан күні Алматы қаласы Медеу аудандық сотының санкциясымен жол полиция қызметкерлері М.Саитов, Г.Рубас және олардың сыбайластары М.Исабаев тұтқындалды» деді қаржы полициясы баспасөз хатшысы Жақсылық Жақыбаев. Оның айтуынша, күдіктілер 22 ақпан күні арнайы операция барысында қолға түскен. Сол күні олардың үстінен пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын айтылғандай, Алматы қалалық қаржы полиция қызметкерлері арнайы операция барысында жол сақшыларынан құралған қылмыстық топты құрықтаған болатын. Көлік жүргізушісіне берілетін сенімхатты тіркеп беру үшін олар сыбайласы арқылы пара алып отырған. Мамандардың айтуынша, бір полицейдің өзі күніне шамамен 150 мың теңге пара алған екен.

Көліктің қозғалтқышы мен қаңқасының номерлерін тексеруде күдіктілер қолдан кезек жасап, жүргізушілерді пара беруге мәжбүрлеген. Ал, жақсы «сыйақы» ұсынған азаматтарға көлігін ешқандай тексерусіз-ақ сенімхаттарын тіркеп беріп отырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!