Бойжеткен «Барыс» пен «Трактордың» ойыны кезінде үш жанкүйерді мерт қылды

Фотография - Бойжеткен «Барыс» пен «Трактордың» ойыны кезінде үш жанкүйерді мерт қылды

Ресейдің Челябі қаласында 23 жастағы бойжеткен «Трактор» мен «Барыс» хоккей клубтарының кездесуін теледидардан тамашалап отырып, қасындағы жанкүйерлерін жайратып салған

214 0

Ресейдің Челябі қаласында 23 жастағы бойжеткен «Трактор» мен «Барыс» хоккей клубтарының кездесуін теледидардан тамашалап отырып, қасындағы жанкүйерлерін жайратып салған. Бұл туралы «Советский Спорт» сайты.

«Өлімге сеп солған жайт - дабырлаған шу болса керек. Зардап шегушілер матч басталмай  тұрып, сыра ішіп, «қызып» алған екен. Теледидар тамашалауға мүмкіндік бермегені үшін ашуланған бойжеткен оларға күтпеген жерден пышақ сілтеген. Салдарынан қыздың өгей әкесі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал ағасы реанимацияда жан тапсырған. Қыздың үшінші танысы желкесінен жарақат алған күйде пәтерден шығып үлгеріпті.

Қолға түскен бойжеткен өз кінәсін мойындап, оның үстінен «Екі немесе одан да көп кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.    


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!