Шымкентте жергілікті тұрғындардан алым-салық алып жүр деген күдікпен полиция қызметкерлері ұсталды

Фотография - Шымкентте жергілікті тұрғындардан алым-салық алып жүр деген күдікпен полиция қызметкерлері ұсталды

ОҚО ІІД-нің қызметкерлері іс-шаралар жүргізу барысында, жергілікті тұрғындардан алым-салық алып жүр деген күдікпен, полиция қызметкерлерін ұстады.

205 0

ОҚО ІІД-нің қызметкерлері іс-шаралар жүргізу барысында, жергілікті тұрғындардан алым-салық алып жүр деген күдікпен, полиция қызметкерлерін ұстады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

 

«Жылдың басында, ОҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекциясына Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланып, Шымкент қаласының көшелерінде спирттік ішімдік ішіп ұсталған жергілікті тұрғындардан әкімшілік жауапкершіліктен босату мақсатында алым-салық алатындықтары туралы бірнеше хабарлама келіп түскен», - деді Қаракөзова.

 

Жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлерімен аталған дәйек бойынша мұқият, жан-жақты тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, арнайы жүргізілген іс-шара барысында, Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен ОҚО ІІД-нің күшімен патрульдік полиция полкінің экипажы ұсталды. Іс-шара кезінде старшина құрамынан 1970 жылы туылған азамат және 1983,1989 жылы туылған екі сержант ұсталды. Олар Ішкі істер органында 1999, 2009 және 2011 жылдан бастап қызмет атқарады.

 

Айғақ зат ретінде күдіктілерден әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында жергілікті тұрғындардан сыйақы ретінде алынған 11 мың теңге ақша тәркіленді.

 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар тергеу изоляторында. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!