Қарағандылық мұғалім әріптесінің қалта телефонын ұрлаған

Фотография - Қарағандылық мұғалім әріптесінің қалта телефонын ұрлаған

 Қарағанды қаласының орта мектептерінің бірінде биология пәнінің мұғалімі информатика пәні мұғалімнің ұялы телефонын ұрлап кеткен.

168 0

 Қарағанды қаласының орта мектептерінің бірінде биология пәнінің мұғалімі информатика пәні мұғалімнің ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді.

2012 жылдың 7 қыркүйегінде 24 жасар информатика пәні мұғалімінің Nokia C6 маркалы ұялы телефоны мен 2,5 мың теңге ақшасы ұрланғанын айтып,  полиция бөлімшесіне шағым түсірген. Уақыт өте 2013 жылдың наурыз айында телефонды қымқырған адам ұсталыпты. Ол зардап шегушінің мектепте биология пәнінен сабақ беретін 28 жасар әріптесі екені анықталды.

«Күдікті өз күнәсін мойындады. Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұялы телефон иесіне қайтарылды», деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласының орта мектебінде мұғалім шәкіртінің iPhone 5 телефонын жымқырған еді. Сыныпта оқушылардың жоқтығын пайдаланып, мұғалім оқушы сөмкесінен телефонды алып, мұғалімдер кабинетіне жасырған көрінеді. Іздеу нәтижесінде телефон табылып, иесіне қайтарылған. Мұғалімге қатысты «ұрлық жасағаны» үшін қылмыстық іс қозғалған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!