Сауықшыл бойжеткен ажал құшты

Фотография - Сауықшыл бойжеткен ажал құшты

Елордалық полицейлер бойжеткеннің өліміне қатысы бар 30 жастағы қала тұрғынын тұтқындады.

166 0

Елордалық полицейлер бойжеткеннің өліміне қатысы бар 30 жастағы қала тұрғынын тұтқындады.

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, 3 наурыз күні Астана қаласы Есіл ауданындағы жалдамалы пәтерден  атыс қаруынан жарақаттанған 18 жастағы колледж студентінің мәйіті табылды. Анықталғандай, жәбірленуші достарымен бірге туған күн кешінде қонақта болған. Түнгі 1-лер шамасында мастықтың буымен үйдің алдында улап-шулап тұрған жастар өздерінің қоғамдық тыныштықты бұзғанына мән бермеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, осы уақытта үйіне қайтып келе жатқан бейтаныс жігіт оларға шуламаңдар деп ескерту жасайды. Бірақ жастар оның ескертпесіне құлақ аспай балағаттап, жұдырық ала ұмтылған. Намыстанған жігіт үйінен аңшы мылтығын алып шығады. Атыс қаруын көрген жастар пәтерлеріне кіріп, бой тасалайды. Осы уақытта ашу-ызаға булыққан күдікті пәтердің есігіне қарата оқ атады, ал оқ есіктің арғы жағында тұрған қызға тиген. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тіркелген 12-калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп, сот-медициналық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!