Жамбыл облысында ерлі-зайыпты есірткі сатушылар ұсталды

Фотография - Жамбыл облысында ерлі-зайыпты есірткі сатушылар ұсталды

Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан Тараз  қаласының 40 жастағы ерлі-зайыпты тұрғындарын қолға түсірді

226 0

Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан Тараз  қаласының 40 жастағы ерлі-зайыпты тұрғындарын қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, қызметтік із кесуші иттің көмегімен олардан сату мақсатында сақталған 90 грамм героин тәркіленді. Бұл арнайы операция нәтижесінде 450 доза мөлшеріндегі есірткі затының заңсыз айналымға түсу фактісінің жолы кесілді.

Сондай-ақ, Тараз қаласында есірткі бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде тіркеуде тұрған 49 жастағы азаматша тұтқындалды, одан қызметтік із кесуші иттің көмегімен салмағы  85 грамм героин табылды. Күдікті әйел уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қолға түскен сезіктінің сыбайластарын анықтау мақсатында оның араласатын ортасы тексеріліп, есірткі тасымалдау арналары анықталуда.

Ресми өкілдің айтуынша, есірткіге қатысты тағы бір қылмыс Батыс Қазақстан облысында орын алды. Атап айтар болсақ, БҚО Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткізген жедел іздестіру  шаралары кезінде Шыңғырлау ауданы Алмазное кенті көшелерінің бірінде 59 жастағы ер адамның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында 7 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді. Аталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!