Төрт жігіт ОҚО-да Ауғанстан азаматына шабуыл жасап, оның автокөлігін тартып әкеткен

Фотография - Төрт жігіт ОҚО-да Ауғанстан азаматына шабуыл жасап, оның автокөлігін тартып әкеткен

Ауғанстан Республикасының азаматына қарақшылық шабуыл жасаған 4 жергілікті тұрғын тұтқындалды.

153 0

Алматы қалалық ІІД қызметкерлерінің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жүргізген іздестіру шаралары барысында Ауғанстан Республикасының азаматына қарақшылық шабуыл жасаған 4 жергілікті тұрғын тұтқынға алынып, уақытша қамау абақтысына тоғытылды деп хабарлайды Қазақстан ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.


Белгілі болғандай, күдіктілер «Toyota Camry-40» маркалы автокөлігін иелену мақсатында қосалқыбөлшектерді сатумен айналысатын 25 жастағы жәбірленушіні үйдің кіреберісінде торуылдайды.

«Күдіктілер оған пышақ тақап қорқыту арқылы басын матамен қымтап, қолын байлайды да белгісіз бағытқа алып кетеді.Қаскүнемдер автокөлік салонында жәбірленушінің 200 мың теңгесін, ұялы телефонын және автокөліктің кілтін тартып алады. Содан соң «Алматы–Қапшағай» бағытындағы жол бойына - ен далаға қалдырып, өздері бой тасалайды»,-деп ақпараттандырды Ораз.


Жол-жөнекей көлікпен үйіне жеткен жәбірленуші автокөлігінің ұрланғандығын көріп, полицияға арызданған. Келтірілген залалдың жалпы құны 3 миллион 900 мың теңгені құрады.


«Қазіргі таңда ұрланған автокөлік, иесіне қайтарылып, қарақшылық шабуылы фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр»,-деді ІІМ ресми өкілі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!