Қаржы полициясы Қарағанды облысы бас дәрігерінің үстінен іс қозғады

Фотография - Қаржы полициясы Қарағанды облысы бас дәрігерінің үстінен іс қозғады

 Төлеген Сәдуақасовтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

149 0

Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Төлеген Сәдуақасовтың үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Қаржы полициясы.

«Т.Сәдуақасов инсулин дәрілік препараттарына арнап республикалық бюджеттен бөлінген 19,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысын қымқырды деген күдікпен тергелуде» деп мәлімдеді Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова.

«Бүгінде Т. Сәдуақасовтан іске қатысты түсінікпен қатар, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Сол себептен де өзге ақпараттар қазірше құпия сақталады» деді ол.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!