Көлік апатынан төрт адам қаза болды

Фотография - Көлік апатынан төрт адам қаза болды

Маңғыстауда жол апаты болды.

209 0

Маңғыстауда жол апаты болды.

Ақтау – Жаңаөзен тасжолында «Lexus» автокөлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Көлік ішіндегі төрт адам қаза тапты.  Көлік жүргізушісі – Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ал басқалары нақтылануда. Ақтаудан Жаңаөзенге бет алған көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқиға болған кезде аймақта қар аралас жаңбыр жауып тұрған. Апаттың орын алуы ауа райына байланысты болуы мүмкін деген болжам жасалуда. Жалпы республикалық маңызы бар Ақтау – Жаңаөзен тасжолында жыл басынан бері 10 рет көлік апаты болып, 3 адам көз жұмған, ал 24 азамат дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бақытберген ӨТЕЕВ, Маңғыстау облыстық жол полициясы жеке батальоны командирі:

- Жаңаөзен қалалық ІІБ-дан тергеу тобы келіп, сол оқиға болған жерде қарау жүргізіліп, тиісті құжаттар жасақталып, ары қарай тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында қайтыс болған адамдардың жас мөлшері – 25-30 шамаларында. Республикалық маңызы бар тасжолға қазіргі таңда тәулік бойы жол полициясы инспекторы арнайы көлікті қатты жүргізуді шектеу туралы жылдамдық өлшеуіш құралдар мен автокөлік қойып отырмыз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!