Ақбөкенді атқандар ұсталды

Фотография - Ақбөкенді атқандар ұсталды

Мамандар бұл мүйіздердің  құнын шамамен 5 миллион теңгеге бағалап отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

193 0

Бұл кезең қыстың көзі қырауда қорек іздеп Сырға өткен киіктердің арқаға келетін мезгілі. Бірақ ақбөкендердің еркін жайылымына браконьерлер мүмкіндік берер емес. Жуырда ақбөкенді атқан алты күдік ұсталды. Сондай-ақ Шымкент–Самара тасжолында киік мүйізін тиеген автокөлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары тінту барысында браконьердің 208 ақбөкенді атқаны белгілі болды. Олар тек жануардың мүйізін ғана алған. Мамандар бұл мүйіздердің  құнын шамамен 5 миллион теңгеге бағалап отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәулет БЕРКІМБАЕВ, Арал ауданының ІІБ бастығы:

- Тексеру барысында осы азаматтың бұрын да осындай қылмыспен сотталғандығы анықталды. Сотталушының мүлкі тәркіленуге жатады. Барлық қылмыс құралы, заңсыз аңшылық жасау барысындағы автокөліктері мен қарулары сот барысында барлығы тәркіленеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!