Қашаған кен орнында апат болды

Фотография - Қашаған кен орнында апат болды

Жасанды D аралындағы бұрғылау қондырғыларының біріндегі Қашаған кен орнында апат болды.

322 0

Жасанды D аралындағы бұрғылау қондырғыларының біріндегі Қашаған кен орнында апат болды. Бұл туралы Атырау қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Төтенше жағдай масштабын анықтау ақпараттың аздығынан қиындап отыр. Облыстық департамент өкілдері «Бұрғылау механизмі істен шығып, арматура ауыр салмақты көтермеді» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, апатты жағдайдың қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейтініне сендірді.

"Agip KCO" және NCOC компаниялары журналистерге ресми сауал жібермесе, оқиғаның мән жайын түсіндіруден бас тартып отыр.

Апат наурыздың 2-інде "Agip KCO" басқарушы директоры Умберто Карра мен Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұамбетов жұмыс бабымен кездескен күні орын алған. Кездесуде Қашағандағы өнеркәсіп өндірісі 2013 жылдың шілде айынан басталатыны айтылған болатын.


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!