Ақтауда оқушы қыз чипстан уланып көз жұмды

Фотография - Ақтауда оқушы қыз чипстан уланып көз жұмды

Бір анығы оқушы қыздың хәлі чипс жеген соң нашарлаған

161 0

Ақтауда 10 жастағы қыз түсініксіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті Тумба сайты.

Бір анығы оқушы қыздың хәлі чипс жеген соң нашарлаған. Осыдан соң оны уланды деп ұйғарып, балалар ауруханасына жіберген. Ол жерде дәрігерлер қызға ем-дом шараларын жасап, үйіне жіберген.

Алайда, үйге барған соң оқушының жағдайы нашарлап, ата-анасы оны қайтадан ауруханаға алып келеді. Ақ халаттылар баланың өмірін сақтап қала алмады. Ол бірнеше күн ес-түссіз жатып, 4 наурыз күні көз жұмған.

Оқушының өліміне дәрігерлер кінәлі ме жоқ чипс па оны сарапшылар анықтайтын болады. Алайда ата-ана қайғылы жағдайға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деген пікірде көрінеді. Олар кінәлілердің жазалануына қол жеткізу үшін адвокат жалдап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!