Жеті жүк көлігінің жүргізушілері бақылау бекетінен қашқаны үшін ұсталды

Фотография - Жеті жүк көлігінің жүргізушілері бақылау бекетінен қашқаны үшін ұсталды

Ақтау маңындағы Қарқия Ойпатында 7 жүк көлігінің жүргізушілері бақылау бекетінен тайып тұрған.

142 0

Ақтау маңындағы Қарқия Ойпатында 7 жүк көлігінің жүргізушілері бақылау бекетінен тайып тұрған.

Бекет қызметкерлері дереу Жол полициясына хабар беріп, қашқындарды қолға түсірді. Жүк көліктердің  тең жартысында мемлекеттік нөмір жоқ. Көліктерге ұлу тас тиелген. Ал жүргізушілердің екеуі Өзбекстан азаматы болып шықты. Заңсыз жұмыс істеп жүрген келімсектердің ісімен енді Көші-қон басқармасы айналысады. «Жүргізушілерге  тиісті мөлшерде айыппұл жазылады» дейді көліктік бақылау инспекциясының бастығы.

Болат НҰРАЛИЕВ, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау комитеті филиалының бастығы:

- Жол полициясы басқармасына хабарланып, әріптестер көмек көрсетіп, қашқан жеті қытайлық самосвалдың барлығы дерлік ұсталды. Таразыға салынып, белгіленген мөлшерден әрқайсысы 5 тоннадан артық ұлу тас тиегені анықталды. Бұлардың барлығы Жетібайдағы карьерден тас тиеп, Ақтау қаласына алып келе жатқан. Қазіргі таңда хаттама толтырылып, көліктер айып тұраққа жабылады.


Тегтер:

шекара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!