Тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады

Фотография - Тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады

Павлодарда бес қабатты үйдің 2-қабатынан өрт шықты. Тілсіз жау төрт бөлмелі пәтерді толық шарпыған.

163 0

Павлодарда бес қабатты үйдің 2-қабатынан өрт шықты. Тілсіз жау төрт бөлмелі пәтерді толық шарпыған.

Оқиға орнына 6 өрт сөндіру техникасы, құтқарушылар мен дәрігерлер жетті. Зардап шеккендерге көмекке алғашқылардың бірі болып, ішкі әскер сарбаздары келді. Көше тәртібін бақылап жүрген сарбаздар ешкімді күтпестен тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған. Алайда, жуынатын бөлмеде бір азаматша түтінге тұншығып, көмек келгенше жан тапсырған. Жетпіс жастағы кейуана аман. Дәрігерлер қарияның жарақат алғанын айтады.

Аслан  МҰРАТОВ, 55/12 әскери бөлімінің сарбазы:

- Ештеңе  көрінбейді, бәрі түтін болып жатыр. Жүгіріп терезелерді аштым. Адамдарды сыртқа шығардым. Газ балон жарылып кетпесін деп қауіптендім. Пәтердің ішінде жүре алмайтын екі зейнеткерге көмектесіп шығардым.

Талғат  САДЫҚОВ,  қалалық ІІБ бастығы:

- Өрттен кейін адамның өлігі табылды. Жасы 40-тағы әйел адам. Осы үйдің тұрғыны. Қазір тексеру шұғыл жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!