Талдықорғанда екі жасар бала жоғалып кетті

Фотография - Талдықорғанда екі жасар бала жоғалып кетті

Сәрсенбі күні кешқұрым Талдықорған қаласында екі жасар бала жоғалып кетті.

103 0

Сәрсенбі күні кешқұрым Талдықорған қаласында екі жасар бала жоғалып кетті. Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстарын полиция және ТЖД жүргізуде.

Нұртас Нұрдәулетұлы «Мерекелік» бағбандық алқабында жоғалып кетті. Сәбидің үйінен 20 метр жерде Балықты өзені ағып жатыр. Баланың іздеріне қарағанда, ол өзенге қарай бет алған секілді.

«Құтқарушылар саяжай аумағын қарап шықты, Балықты өзенін тексеріп, іздестіру жұмыстарын Балықты құятын Қаратал өзенінде жалғастырды»,- деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мират Қабылов.

Қазіргі уақытта құтқарушылар Үштөбе стансасына жетті. Әзірге нәтиже жоқ.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!