Балқаш көліне барған 2 балықшы суға батып кетті

Фотография - Балқаш көліне барған 2 балықшы суға батып кетті

 Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

162 0

Алматы облысы Көпбірлік ауылының 2 тұрғыны Балқаш көліне балық аулауға барып, суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

Оқыс оқиғаның мән-жайы әлі тексеріліп жатыр. Қолда бар ақпараттарға қарағанда балықшылар ауыл маңайындағы көлге «УАЗ» автокөлігімен барған. Ал соңғы бірнеше тәулікте аймақта күн күрт жылынып, мұз жұқарған. Төтенше жағдайлар мамандары көлге барған 2 балықшы көлігімен мұз астына түсіп кеткенін айтады.

Оқиғаға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Судан құтқару қызметінің 4 қызметкері суға батып кеткен адамдардың денелерін іздестіруде. Қазіргі уақытта денелері табылған жоқ.

Ал 6 наурызда Талдықорғанның іргесінде жоғалып кеткен 2 жасар бала да әлі табылмады. Сәби Балықты немесе Қаратал өзеніне ағып кетуі мүмкін деген жорамал бар. Баланың жоғалғанына 3 тәулік өтсе де, іздеу-құтқару тобы жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Оған 148 адам мен 12 техника жұмылдырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!