Алматыда кешіккен көрермендер Республика сарайын қиратып кетті

Фотография - Алматыда кешіккен көрермендер Республика сарайын қиратып кетті

 Сарай әкімшілігі кешіккен көрермендерді қолдарында билеттері бола тұрсада кіргізбеген.

235 0

Алматыда сенбі күні танымал сатира театры «Шымкент шоу»-дың мерекелік концертіне кешігіп қалған екі жүзге тарта өнерсүйер қауым Республика сарайын шабулдауға көшкен. Сарай әкімшілігі кешіккен көрермендерді қолдарында билеттері бола тұрсада кіргізбеген.

Бірнеше әйел турникеттерді жұлып алып, есіктерді сындырған. Енді біреулер залға қызметкерлерге арналған есік арқылы өтіп кетуге тырысқан. Ашынған топты тек полицейлердің күшімен ғана тоқтату мүмкін болған. Сөйтіп былтыр ғана жөндеуден өткен Республика сарайына 300 мың теңгенің зақымы келтірілген.

Концерт алаңының жетекшілері бұл жайтқа көрермендердің тәртіпсіздігін кінәлайды. «Бұлай істеу біздің әртістерді, ұжымды сыйламағандық деп танылады. «Шымкент шоу» концерті 19:20 басталды, бірақ о баста ол 19:00-ге белгіленген болатын. Біз бәрін түсінеміз, сондықтан да кіреберіс есіктерді тек сағ.20:30 жаптық. Жалпы, концертке бір сағат, екі сағат кешігіп келушілерге бір тоқтау қою керекдейді Республика сарайы директорының орынбасары Сергей Иванов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!