Алматы облысының тұрғыны жол апатынан қаза тапты

Фотография - Алматы облысының тұрғыны жол апатынан қаза тапты

Алматы облысының тұрғыны Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан мерт болды.

175 0

Алматы облысының тұрғыны Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан мерт болды, деп хабарлады аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Өткен демалыс күндері осы өңірдегі республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тас жолының 545-ші шақырымында «Фольксваген-Венто»  жүргізушісі  көлікті басқара алмай,  аударылуына жол берді. Осы машинаның жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды», - делінген ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көлікті Тараз тұрғыны басқарған, қаза тапқан әйел Алматы облысында тұрады.

Жамбыл аудандық ІІБ-нің қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!