БҚО ІІД полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» екі адамның өлімін ашты

Фотография - БҚО ІІД полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» екі адамның өлімін ашты

Мүрделер Орал қаласының сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

264 0

10 наурыз күні БҚО Зеленов ауданы Жаңатан ауылында 1937 жылы туған зейнеткер мен оның 44 жасар баласының  күштеп өлтірілген баласының өлі денелері  табылды, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінен. Мүрделер Орал қаласының сот-медициналық сараптамасына жіберілді.


Аталған факті бойынша қылмыстың куәгерлері мен қылмыс жасаған тұлғаны анықтау мақсатында  жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілді.


«Рэкс» есімді қызметтік-іздестіру иті із арқылы оқиға орнына барған БО ІІД қызметтік ит орталығының кіші инспектор кинологы полиция старшинасы Асқар Жұмабеков және полиция қызметкерлері аталған азаматтың қылмысты жасаған заттай айғақтарын тәркіледі.


Күдікті ішімдік ішкен күйде екі адамды өлтіру аса ауыр қылмысын жасағанын мойындады. Қылмыс араларында болған жанжалдан туындаған.

Қазіргі уақытта күдіктінің кінәсін дәлелдеу бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!