Алматыда өрмекші адам 3 сағат бойы "өнер" көрсетті

Фотография - Алматыда өрмекші адам 3 сағат бойы "өнер" көрсетті

Алматыда өрмекші адам пайда болды. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат тура 8 наурызда бірнеше сағат бойы "өнер" керсетті

244 0

Алматыда өрмекші адам пайда болды. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат тура 8 наурызда бірнеше сағат бойы "өнер" керсетті

Өрмекші адам алдымен 5 қабаттағы үйдің дүние-мүлкін лақтырып, артынан өзі де секіріп кетпек болған. Түн жарымға дейін жалғасқан "концертті" тек төтенше жағдайлар қызметі тоқтатты.

8-ші науырызда түнгі сағат екі шамасында алматылықтар мас жігіттің айқайынан шошып оянды. 5-ші қабаттан секіріп өлем деп терезеден салбырап тұрған азаматты көрші-қолаң түгел ақылға шақырып әлек. Бірақ ішімдікке сылқия тойып алған ол сөзге келмеді.

"Өрмекші адамның" рөліне енген Қанат 5-ші қабаттағы бір пәтерді жөндеп жатқан құрылысшы екен. Халықаралық әйелдер күніне байланысты араққа сылқия тойып алған ол концертті күндіз-ақ бастап кетіпті. Көршілердің мазасын алып, тіпті көшеде жүрген мектеп жасындағы қыздарға түнді бірге өткізейік деп те ұсыныс жасаған.

Кейін жөндеп жатқан үйге кіріп, теледидар, орындық сынды мүліктердің барлығын терезеден лақтыра бастапты. Сосын тіпті өзі де секіріп өлмек болған.

Біз оны сабырға шақыруға тырыстық. Бірнеше рет терезеден секіріп кете жаздады. Лақтырған заттары есік алдында тұрған көліктердің үстіне құлады. Ал, құтқарушыларды екі сағаттай күттік.

Төтенше жағдай қызметі кешігіп келсе де, есікті бұзып кіріп, "өрмекші адамды" әрең жерге түсіріп алды. Қанат есімді құрлысшы өз-өзіне қол салғысы келетінін бәрібір айта алмады. Дегенмен полицейлер "өрмекші адамды" аудандық бөлімшеге жеткізді. Енді ол бұзақылығы үшін жауап беріп, қираған мүлік пен көліктерді қалпына келтіруі тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!