Ақтауда екі бүлдіршіндерді зорламақ болған педофил қолға түсті

Фотография - Ақтауда екі бүлдіршіндерді зорламақ болған педофил қолға түсті

Ақтау қаласында 8 наурыз күні екі оқушы қызды зорламақ болған педофил  қолға түсті

209 0

Ақтау қаласында 8 наурыз күні екі оқушы қызды зорламақ болған педофил  қолға түсті, деп хабарлайды ІІБ Криминалды полиция бөлімінің бастығы Павел Тарабрин.

Алғашқы оқиға қаланың 27-ші мөлтекауданында болған. Күдікті екінші сынып оқушысына күш көрсетіп зорламақ болғанда, бүлдіршін қыз қаскүнемнің қолынан босап шығу мүмкіндігін тапқан. Арада бір сағат өткеннен кейін 37 жастағы Ақтау тұрғыны көрші ауданда үшінші сынып оқушысына арам ойын жүзеге асырмақ болып тарпа бас салады. Жасөспірім қыздың айғайлап, көмек сұрағанын естіп қалған жүргіншілер ара түскен.

Екі қыздың да ата-анасының жазған шағымдарында көрсетілген сипаттамалардың ұқсастығына қарап, педофилдің бір кісі екендігі топшыланып, істің ізі суымай күдікті қолға түсті. Тінтіп, тексеру барысында одан біз бен пышақ және бүлдіршіндер айтқандай қара көзілдірік пен бас киім табылған. Қазір ол уақытша ұстау камерасына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қылмыстық іздестіру бөлімі қызметкерінің айтуынша, наурыз айы басталғалы бері қалада осыған ұқсас он оқиға тіркеліпті. 


Тегтер:

педофил

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!