Айлакер адвокат клиентінің 25 мың долларын алып қойды

Фотография - Айлакер адвокат клиентінің 25 мың долларын алып қойды

Қызылжарда алаяқ қорғаушы құрықталды.

149 0

Қызылжарда алаяқ қорғаушы құрықталды. Ол өзіне шексіз сенген қорғалушысынан 25 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыны жымқырған.

Қазір, айламен ақшаны қалтасына басқан қорғаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, қорғалушысына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп мәлімдеген айлакер адвокат қорғалушысының сеніміне қиянат етіп, қомақты қаржыны қалтасына басады.

Негізі, қорғалушысына қатысты қылмыстық іс экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қаралып жатқан. Алаяқ қорғаушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 4-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Қызылжар қалалық соты күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!