Болашақ шенеунік Өскеменде есірткі бизнесімен айналысқан

Фотография - Болашақ шенеунік Өскеменде есірткі бизнесімен айналысқан

Оқу ақысының құны бостандықпен тең

216 0

Оқу ақысының құны бостандықпен тең. Өскеменде есірткі сатып есірген студент ұсталды.

Қылмысты болған оқу ордасының шәкірті аталмыш әрекетін оқу ақысын төлеу үшін істегенін айтады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады. 23 жасар білім алушы "Студгородок" ауданында марихуана өткізу кезінде ұсталған. Ішкі Істер Министрлігінің есірткімен күрес басқармасы күдікті бұрын-соңды қылмыспен тіркелмеген дейді.

Күдікті ешқашан жұмыс істемеген, жергілікті оқу орындарының бірінде 4-курста оқыған. Сырттай бөлімде білім алатын студент болашақта мемлекеттік басқарумен айналысқысы келгенін айтады. Есірткі сатып, оқу ақысын төлеп, аз болса да, тамаққа талғажау еткісі келген.

Күдікті есірткіні еселеп емес, аз-аздан тасымалдаған. Осындай жолмен айыбын жасырып қалғысы келген. Құрықталған азамат әзірге уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Есірткі саудасы үшін ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

марихуана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!