Қарағандыда мектеп оқушысы сығанға 2 млн теңгені ұстата салған

Фотография - Қарағандыда мектеп оқушысы сығанға 2 млн теңгені ұстата салған

Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

198 0

Қарағандыда кәмелет жасқа толмаған оқушы қыз бейтаныс әйелге бар ақшасы мен құны 2 млн теңге тұратын әшекей бұйымдарын өз еркімен берген көрінеді. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр. 

Полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын шағым түсірген. Ол пәтерлеріне сыған әйел кіріп, 17 жасар қызына «отбасыларыңды дуадан құтқарамын» деп, қомақты қаражаттын үптеп кеткенін мәлімдеген.

«Сыған әшекей бұйымдарда жиналып қалған негативті энергияны алып тастайтынын айтып, қыздан алтын әшекейлердің барлығын әкелуді сұраған. 11 сынып оқушысы алаяққа алтын сырға мен алқаны ұсынған. Кейін жағымсыз энергиядан тазалаймын деп үйдегі ақшалардың барлығын беруді талап еткен. Алданған қыз алаяқ әйелге 400 мың теңге ақшасын берген»,-деді ІІБ баспасөз-қызметі.

Тәртіп сақшылары қызды гипноз әсерінде болған деп жорамалдап отыр. «Алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер әйел іздестірілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!