Батыс Қазақстанда көлік ішінен 25 келіге жуық героин табылды

Фотография - Батыс Қазақстанда көлік ішінен 25 келіге жуық героин табылды

Батыс Қазақстанда көлік ішінен 25 келіге жуық героин табылды

169 0

БҚО прокуратурасы ҚР алдын ала сөз байласып, ірі көлемдегі героинді заңсыз алып, тасымалдап, өткізуге тырысқан С.Исмаилов пен А.Жанғаскиевке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы ҰҚК БҚО бойынша департаментінің ұсынысын қолдады.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҰҚК департаменті қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында аталған азаматтарды 27 ақпан күні қолға түсірген болатын, олардың автокөлігінен 24 келі 748 грамм героин табылып, тәркіленді. 

Аталған факті бойынша С.Исмаилов пен А.Жанғаскиевтің үстінен ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі «а», «в» тармақтарына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Орал қалалық соты аталған азаматтарды 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.


Тегтер:

героин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!