Зейнет жастағы кейуананы өлтірген қылмыскер ұсталды

Фотография - Зейнет жастағы кейуананы өлтірген қылмыскер ұсталды

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

133 0

Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар қаласында 79 жасар кейуананы буындырып өлтіріп, зейнетақысын ұрлап кеткен қылмыскерді ұстады.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында пайдакүнемдік мақсатта кісі өлтіру қылмысын жасаған 27 жасар жәбірленушінің көршісі қолға түсті. Қанды оқиға болған күні күдікті жәбірленушінің үйіне қарыз сұрап, бірнеше рет келген. Зейнеткер апа ақша бермегеннен кейін ашуға булыққан азамат үйінен күректің сабын алып келіп, әженің басынан бірнеше рет соққан. Содан соң телефон сымымен буындырып, мойын тұсынан бірнеше рет пышақпен осып жіберген. «Қарт әжей жантәсілім болғанда, күдікті үйдегі бар жиған-терген 26 мың теңге ақшаны қолды қылып, оқиға орнынан ізін жасырған. Қазіргі кезде ол қамауға алынып,  аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап көрсетті Н.Ораз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!