Малшыны балталап өлтірген қылмыскер қолға түсті

Фотография - Малшыны балталап өлтірген қылмыскер қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында малшыны балталап өлтірген қандықол қылмыскер қолға түсті.

278 0

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында малшыны балталап өлтірген қандықол қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, қылмыскер және құрбан болған малшы бір шаруа қожалығында жұмыс істеген. Бірге ішімдік ішкеннен кейін екеуінің арасында жанжал туындаған. Ұрыс-керіс кезінде ашуға бой берген күдікті малшының басынан бірнеше рет балтамен ұрып өлтіреді де, мәйітті ауылдан 40 шақырым жердегі қыстақтың қасына тастап кетеді. Өзі бой тасалап жүреді. Криминалдық полиция қызметкерлері оны Риддер қаласында қолға түсірді. 44 жастағы қылмыскердің нақты тұрғылықты жері жоқ.  «Ол бұдан бұрын да кісі өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру сияқты ауыр қылмыс жасап, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын», - дейді Н.Ораз.


Тегтер:

өлтірді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!