ОҚО-да полиция қызметкері пара алудан бас тартты

Фотография - ОҚО-да полиция қызметкері пара алудан бас тартты

Оңтүстік Қазақстанда полиция қызметкеріне пара бермек болған Шымкент тұрғыны ұсталды.

223 0

Оңтүстік Қазақстанда полиция қызметкеріне пара бермек болған Шымкент тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай, 2013 жылдың 4 наурызында ОҚО-ның Ордабасы ауданында күдікті АІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығынан өзінің автокөлігін жергілікті айып тұрағынан алып кетуге қолғабыс етуді өтінген. Бұл автокөлікпен ұрлық жасалған болатын.

Полиция қызметкері бұл факті туралы АІІБ-нің басшылығына дереу хабарлап, ер адам 20 мың теңге көлемінде пара беру үстінде ұсталды.

Ақша заттай айғақ ретінде алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 312-бабымен «Пара беру» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

пара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!