«Арсенал» кинотеатрындағы жарылғыш зат туралы жалған хабарламасы үшін 18 жасар Астана тұрғыны ұсталды.

Фотография - «Арсенал» кинотеатрындағы жарылғыш зат туралы жалған хабарламасы үшін 18 жасар Астана тұрғыны ұсталды.

12 наурыз күні астаналық ІІД Жедел басқару орталығына «Арсенал» кинотеатрына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

275 0

12 наурыз күні астаналық ІІД Жедел басқару орталығына «Арсенал» кинотеатрына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына дереу жедел қызмет, Астана қаласының ІІД басшылығы мен жедел тергеу тобы, ҰҚКД, ТЖД өкілдері келіп жетті, Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Орнатылған жарылғыш қондырғы туралы хабарды тексеру үшін полиция қызметкерлері ғимаратты түгел қарап шықты, кинотеатрдан 150 адам эвакуацияланды.

Жарлғыш зат табылған жоқ.

Астана қаласының ІІД-нің қызметкерлері қабылдаған шаралар арқасында 1994 жылы туған Астана қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды және ол мойындау түсініктемесін берген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы уақытта бомба қойылғаны жөнінде телефон қоңыраулары кеңінен таралған құбылысқа айналған, бұл ретте «әзілқойлар» өз қылықтарының салдары туралы, оларға төніп тұрған қылмыстық жаза туралы, сонымен бірге мемлекетке әкелетін залал туралы ойланбайды.

Ескерте кеткен жөн: «ланкестік актілері туралы көрінеу жалған хабарлама» үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!