Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде абайсызда жауынгеріне оқ тиді

Фотография - Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде абайсызда  жауынгеріне оқ тиді

Алматы облысында оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде абайсызда мерзімді қызмет жауынгеріне оқ тиді.

372 0

Алматы облысында оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде абайсызда мерзімді қызмет жауынгеріне оқ тиді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.


«Наурыз айының 12-сінен 13-не қараған түні оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде Алматы облысы Көктал полигонында қаруды пайдалану ережесін бұзу салдарынан 1992 жылы туған, мерзімді қызметке 2012 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен шақырылған, қатардағы жауынгері Айдос Таженов қайтыс болды»,-деп ақпараттандырады ведомстводан.


Жаркент қаласы маңында орналасқан Көктал оқу орталығына 18404 әскери бөлімінің десантты-шабуылдаушы ротасы жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес оқу тапсырмаларын пысықтау үшін келген болатын.


«Түнгі 3.45-те шартты түрдегі диверсиялық топтың шабуылдағаны жөнінде дабыл берілді. Қатардағы жауынгерлер Айдос Тәженов пен Кенжетай Байкенже диверсиялық группаның ролін ойнап бос оқпен оқталған АК-74 автоматымен оқ жаудырады. Тапсырманы орындау кезінде мерзімді қызметтің сарбазы Кенжетай Байкенженің жақын жерден байқаусызда атқан оғы Айдос Тәженовтің кеуде тұсына тиіп жаралап кетеді»,-деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінен.


Ротаның-тактикалық жаттығуына қатысып жатқан әскери медиктер бригадасы зардап шеккен жігітке медициналық көмек көрсетуге тырысты. Санитарлық машинамен жаралы сарбазды Жаркентке аттандырды, жол бойында есін жия алмаған қатардағы жауынгер Айдос тәженов қайтыс болды.


Қазіргі кезде болған оқиғаның анық қанығын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізуде. Болған оқиғаның негізгі себебі қаруды пайдалану ережесін өрескел бұзудан дегенге саяды.


«Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшылығы Айдос Тәженовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған әскери қызметшінің отбасына тиісті материалдық көмек көрсетіледі»,-делінген хабарламада. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!