Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында механизатор өз көңілдесін айуандықпен өлтірген

Фотография - Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында механизатор өз көңілдесін айуандықпен өлтірген

Аса ауыр қылмысқа тергеу жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жасар әйелді бірге ішімдік ішкен соң, ұрыс-керіс нәтижесінде С. Сергейдің өзі айуандықпен өлтіргенін анықтады.

167 0

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое аудандық ішкі істер бөліміне Секисовка кентінің тұрғыны, шаруа қожалықтарының бірінде механизатор болып жұмыс істейтін С. Сергей 12 наурызда өз үйінде заңсыз бірге тұратын әйелінің мәйітін тапқаны туралы мәлімдеген. Бұл жөнінде ШҚО ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сілтеме жасап Аltaynews.kz хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелдің денесіне түскен жарақаттардан қайтыс болғанын анықтаған. Сараптама да бұл болжамды растайды.

Аса ауыр қылмысқа тергеу жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жасар әйелді бірге ішімдік ішкен соң, ұрыс-керіс нәтижесінде С. Сергейдің өзі айуандықпен өлтіргенін анықтады.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 96-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 36 жастағы ер адам жасаған қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!