Байқаусыздан атылған оқтан жауынгер қаза тапты

Фотография - Байқаусыздан атылған оқтан жауынгер қаза тапты

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды

302 0

Алматы облысында оқыс оқиға болды. Наурыздың 12-нен 13-не қараған түні 21 жастағы сарбазға оқ тиіп, қаза болды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға Жаркент қаласының маңында болған. Көктал оқу орталығына жиналған №18 404 әскери бөлімнің десанттық ротасы жоспарлы жаттығуын өткізген. Тапсырманы орындау үстінде мерзімді қызмет сарбазының байқаусызда атқан оғы жауынгер Айдос Тәженовтің кеуде тұсына барып тиіпті.

Әскери дәрігерлер жаралы жігітке тиісті көмек көрсетуге тырысқан. Алайда, есін жимаған сарбаз Жаркентке барар жолда жан тапсырды. Марқұм әскер қатарына Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданынан шақырылған. Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!