Қызылордалық жасөсіпірім Теміртаудағы пәтерді «жарып» жібермек болған

Фотография - Қызылордалық жасөсіпірім Теміртаудағы пәтерді «жарып» жібермек болған

Қызылорда қаласында тұратын жасөсіпірім Теміртаудағы пәтерді «жарып» жібермек болған

160 0

Қызылорда қаласында тұратын жасөсіпірім Теміртаудағы пәтерді «жарып» жібермек болған, деп хабарлайды қалалық Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

«15 жасар жасөспірім таңғы сағат 04:13-те Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Дмитрова көшесі 34 үй, 8 пәтерді жарып жіберетінін айтып, терроризм актісі туралы жалған хабар берген. Ол ұялы телефонмен 2 сынып оқушысына жасырын нөмірмен хабарласып, «Үйіңде бомба бар, шықпасаң жарылады!»,-деген», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қарағанды ІІД мен ҰҚК-мен бірлесіп тексеру жүргізу нәтижесінде хабарламаның жалған екенін анықтаған. Жедел ісдестіру шаралары арқылы аталған қоңырау Қызылорда қаласы М. Шоқай көшесі тұрғынының ұялы телефоны арқылы шалынғаны белгілі болды.

«Мұнда туыс екі жасөспірім түнде ойнап отырып ұялы телефонның кез-келген пернесін теру арқылы Қарағанды тұрғынының телефонына хабарласады», - делінген хабарламада.

Аталған қылмыстық іс бойынша Б.С-ның кәмелет жасқа толмағаны және тұрақты табысының жоқ екендігі ескеріліп, 26 087 теңге материалық шығын және 783 теңге мемлекеттік баж салығы оның әкесінен өндіруге шешім қабылданды. Бұл сома бүгінгі күні толықтай өндірілді. Ақпарат bnews.kz сайтынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!