Достық кеден бекетінде аса ірі көлемде контрабандалық тауар ұсталды

Фотография - Достық кеден бекетінде аса ірі көлемде контрабандалық тауар ұсталды

«Достық» кеден бекетінің қызметкерлері Қытайдан Алматыға бет алған контейнерді тексеру кезінде тауармен қоса жіберілетін құжатта көрсетілмеген тауарлардың 74 түрін анықтады

227 0

«Достық» кеден бекетінің қызметкерлері Қытайдан Алматыға бет алған контейнерді тексеру кезінде тауармен қоса жіберілетін құжатта көрсетілмеген тауарлардың 74 түрін анықтады.

Контрабандалық тауардың кедендік құны 9 003 763 теңгеге бағаланды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 1 830 885 теңгені құрады.

«Достық» кеденінің контрабандаға қарсы күрес бөлімінің бастығы Рустам Шәкіровтың хабарлауынша, аталған фактімен 2013 жылдың 7 наурызында «Достық» кеденінің ККБ «аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!