Ақтөбеде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды

Фотография - Ақтөбеде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған ресейлік азамат ұсталды

Ақтөбеде «Іздеу» операциясы барысында кісі өлтіргені үшін бір жыл бойы іздестірілген ресейлік азамат ұсталды

159 0

Ақтөбеде «Іздеу» операциясы барысында кісі өлтіргені үшін бір жыл бойы іздестірілген ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ер адам 2012 жылдың ақпан айында Орск каласында дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған кезде күзетшіні өлтіріп, жасырынған. Кеше ол криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Облыс аумағында операцияны жүргізудің 2 күні ішінде  жасырынып жүрген 22 қылмыскер, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін жасағаны үшін - 12, сонымен бірге кісі өлтіргені үшін - 2 қылмыскер ұсталды, із-түссіз жоғалған 6 азамат ізделіп табылды.

Сондай-ақ ТМД елдері іздеу салған 3 қылмыскер, соның ішінде 1 кісі өлтіруші ұсталды.

«Іздеу» ТМД мемлекеттерінің  ІІМ-тері арасында қол жеткізілген келісімге сәйкес наурыздың 12-нен 14-не дейін жүргізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!