Петропавл қаласында мектеп оқушысы ұрланды

Фотография - Петропавл қаласында мектеп оқушысы ұрланды

Петропавлда «Дарын» мектебінің 7 сынып оқушысы ұрланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді

164 0

Петропавлда «Дарын» мектебінің 7 сынып оқушысы ұрланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

Наурыздың 13-інде полиция бөлімшесіне баласының ұрланғанын айтып, оқушы баланың анасы шағым түсірді. Әйелдің айтуына қарағанда Сергей Семенченя есімді ұлы мектептен үйге қайтып келе жатқанында ұрланған. Бала өгей әкесіне қоңырау шалып, оны бейтаныс үш еркектің күштеп ұстап отырғанын айтқан. Белгілі болғандай, оқушының өгей әкесі мен анасы ірі кәсіпкерлер, олардың жеке көлік жуу орталығы бар. Алайда, анасы ешқандай қарсыластарының жоқтығын және ешкімге қарыз еместігін айтып отыр.

Баланың ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іздеу амалдары жүргізілуде. Оқушының ерекше белгілері: бойы 175 сантиметр, көзі көк, шашы қара, көзілдірік киеді. Үстінде күлгін қара түсті қысқа күртесі, көк джинсы шалбары, қызыл жолақтары бар күлгін түсті бас киімі бар. iPhone-3 телефоны мен қолында ақ пакеті болған. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!