Атырауда балық жүретін арнада адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фотография - Атырауда балық жүретін арнада адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

212 0

Атырауда екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, деп хабарлады көлік прокуроры Болат Қалықов.

Еске салайық, 14 наурыз күні таңсәріде теңізге шығатын балық жүретін арнада екі адам мерт болды. Бортында екі адам болған қайық үлкен жылдамдықта «Ақжайық» мемлекеттік табиғатты қорғау резерваты орнатқан шлагбаумға соғылды.

«Арна қайықтардың жүзуіне арналмаған, шлагбаум бір жағадан екіншісіне браконьерлер өтпес үшін орнатылды. Екі жолаушы да алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Шағын қайықта балық аулау торлары, отын, аңшы мылтығы болғандығы анықталды. Қылмыстық іс 295-баптың 3-бөлігі бойынша қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, шағын қайық көліктік бақылау органдарында тіркелмеген», - деп мәлім етті Б.Қалықов.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!