9 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот ауыр үкім кесті

Фотография - 9 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот ауыр үкім кесті

Алматы облысында «9 жасар қызды зорлап өлтірді» деп айыпталған күдікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

214 0

Алматы облысында «9 жасар қызды зорлап өлтірді» деп айыпталған күдікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Қарасай аудандық сотында 58 жастағы Бегалы Садықовқа осындай үкім кесілді. 24-тің 4 жылын жалпы, ал 20 жылын қатаң режимдегі абақтыда өтейтін болды. Алайда сот шешімімен келіспеген айыптының жақындары кері шағым түсірмек ниетте.

9 жасар Жансая Есенбаеваның өліміне қатысты 5 ай тергеліп, 2 ай сот тыңдалымына түскен іске бүгін ақыры осындай нүкте қойылды. Яғни, мойындамағанына қарамастан 58 жастағы Бегалы Садықов қыз өліміне айыпты деп танылды. Айта кетсек, бұған дейін де ол екі мәрте дәл осындай қылмысы үшін сотты болған екен.Бірақ айыптының туыстары мен адвокаты үкіммен келіспек емес. Тіпті тергеу барысында көптеген заңның бұзылғанын алға тартуда.

Жұмакүл Садықова, сотталушының әпкесі:

- Мен соттың шешімімен келіспеймін. Мен қайтадан тергеуді сұраймын.

Шәмен Жайылғанов, адвокат:

- Бұл өте қатал, әділетті сот деп айта алмаймын. Себебі кінәсін өзі де мойындамады және дәлелденді деп те айта алмаймын ештеңені.

Ал, алғашқыда қызын зорлап өлтірген азғын бұл емес деген Жансаяның анасы Гауһар Есенбаева тергеу соңыда пікірін өзгертті. Сондықтан кесілген үкімді әділ деп есептейді.

ГауҺар Есенбаева, Жансаяның анасы:

- Үкіммен келісемін. Қылмыскер отыруы керек. Менің күмәнім болған, бірақ қазір көзім жетті осы кісінің істегеніне.

Естеріңізге сала кетесек,Ұшқоңыр жұртын шошындырған бұл оқиға өткен жылдың қазаннында орын алған еді. Мектептен шыққан 3-ші сынып оқушысы Жансая Есенбаева үйіне жетпестен жарты жолда жоғалып кеткен. Бірақ 3 тәліктен соң жеткіншектің азапталған мәйіті өз үйіне жақын маңда табылды. Қаршадай қызды алдымен зорлап, кейін өз шұлығымен буындырылып өлтірген.

Сонымен 9 жасар Жансая Есенбаеваны азаптап өлтірген азғын өмірінің тағы 24 жылын темір тордың арғы жағында өткеретін болды. Айта кетесек, бұл мерзім оған тек жеткіншекті өлтіргені үшін ғана емес, сондай-ақ бұзақылық жаcап, тағы бір адамды пышақтағаны үшін де беріліп отыр. Десе де сот ісі осымен бітпейтін тәрізді. Себебі оның үкіммен келіспеген туыстары аппеляциялық шағым түсіреміз дейді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!