Петропавлда екі жігіт егде жастағы ер кісіні аса қатыгездікпен өлтірді

Фотография - Петропавлда екі жігіт егде жастағы ер кісіні аса қатыгездікпен өлтірді

 Петропавлда полиция қызметкерлері  62 жастағы ер адамды өлтірген 20 және 17 жастағы 2 жігітті ұстады, деп хабарлады жұмада  Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

204 0

 Петропавлда полиция қызметкерлері  62 жастағы ер адамды өлтірген 20 және 17 жастағы 2 жігітті ұстады, деп хабарлады жұмада  Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға Калинин көшесінің бойында орналасқан жеке сектордағы үйлердің бірінің ауласында ер адамның мүрдесі табылды деген хабарлама түседі.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер көпті көрсе де , қайран қалады. Ер адамның басының мылжасы шығып, бүкіл денесі көгеріп-ісіп кеткен. Үйдің ішіндегі заттар шашылып, жиһаз бүлінген. Жедел-іздестіру шаралары кезінде жауап алынған адамдардың жәбірленушіні екі жігітпен көргендері белгілі болады», - деп ақпараттандырды ІІД баспасөз қызметі

Көп ұзамай полицейлер олардың бірін ұстайды. Оның берген түсініктемесі бойынша, сол күні кешке танысымен арақ ішкен. Кейін екеуі көшеде бейтаныс ер адамды кездестіреді. Әңгіме барысында жанжал шығып, нәтижесінде олар ер адамды үйінің жанында соққыға жыққан.

«Кейін есінен танған үй иесін аулаға сүйреп кіргізеді. Бағалы бірдеме табамыз деген оймен уйге кірген. Бірақ ештеңе таба алмайды. Мұнымен тынбай, үй иесін күрек сабымен тағы ұрып-соғады. Оны осы күйінде далада қалдырып, өздері үйлеріне кеткен. Таңертең мерт болған ер адамды көршілері табады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жедел-іздестіру шаралары барысында екінші күдікті де ұсталды. Екеуінің де бұрын заңға қайшы әрекет жасамағандары анықталған.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер тергеу абақтысына қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Петропавл қаласында 4 адам өлтіру қылмысы тіркелген, олардың бәрі ашылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!