Жұмысшы пара алғаны үшін басшы қызметтен қуылды

Фотография - Жұмысшы пара алғаны үшін басшы қызметтен қуылды

Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин Қаржы полициясы департаментерінің үш басшысы өзінің қол астындағы қызметкерлер пара алғаны үшін жұмыстан қуылғандығы туралы мәлімдеді.

172 0

Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин Қаржы полициясы департаментерінің үш басшысы өзінің қол астындағы қызметкерлер пара алғаны үшін жұмыстан қуылғандығы туралы мәлімдеді.

Астанада өткен қоғамдық кеңес отырысында салық ұйымдарының жұмысы да сөз болды. «Қызметкерлердің төмен жалақысы оларды пара алуға мәжбүрлейді», – дейді Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев.  Қаржы полициясы жанынан ашылған қоғамдық кеңес отырысы жылына екі рет өткізіледі. Биылғы кездесуде салық ұйымдарын жемқорлық жайлағандығы айтылды. Өйткені мұнда рұқсат беру құжаттарының басым бөлігі рәсімделеді.  Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев «еңбекақының төмендігінен кез келген азамат осы қадамға барады», – дейді. Мысалы, салық ұйымдарына жұмысқа қабылданған жас маманның еңбекақысы 50 мың теңгені құрайды. Еліміздің бас салықшысы өзіне тікелей бағынатын маман пара алып жатқан жерінде ұсталса, лауазыманан кететіндігін айтты.

Әнуар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҚР ҚМ Салық комитетінің төрағасы:

- Егер менің қол астындағы маман пара алып жатқан жерінен ұсталса, онда мен лауазымымнан кетуге дайынмын. Жоғары басшылық өзіне тікелей бағынатын мамандар үшін жауап беруі тиіс. Мен осы саясатты қолдаймын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!