ОҚО-да халықаралық іздеуде болған 8 қылмыскер ұсталды

Фотография - ОҚО-да халықаралық іздеуде болған 8 қылмыскер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің полицейлері ТМД мемлекеттері аумағында халықаралық іздеуде болған 8 адамды ұстады

160 0

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің полицейлері ТМД мемлекеттері аумағында халықаралық іздеуде болған 8 адамды ұстады.

Мәселен, ОҚО-ның Сарыағаш ауданында жергілікті полицейлер Ресейде 1999 жылдан бері қарақшылық үшін іздеуде болған Ресей Федерациясының азаматын қолға түсірді.

«Іздеу» операциясының барысында ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүрген барлығы 59 қылмыскерді ұстады.

Қырғызстан Республикасында ОҚО полицейлері әріптестерінің көмегімен ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен кісі өлтіруге әрекеті үшін іздестіруде болған Қазақстан азаматы, Шымкент қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Онымен бірге із-түзсіз жоғалған 20 адамның мекенжайы анықталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!