Петропавлда ұрланған оқушы аман-есен табылды

Фотография - Петропавлда ұрланған оқушы аман-есен табылды

Петропавлда ұрланған 13 жасар Сергей Семенченя аман-есен үйіне оралды.

152 0

Петропавлда ұрланған 13 жасар Сергей Семенченя аман-есен үйіне оралды.

7 сынып оқушысы 13 наурыз күні сағат екілер шамасында сабақтан шығып, үйіне қайтып бара жатқан кезде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Балаға содан бері іздеу жарияланды. Алайда жасөспірім әкесіне қоңырау шалып, белгісіз үш жігіттің оны қамауға алғанын хабарлап үлгерген. Іздестіру шараларына Ішкі істер департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Баланың таныстары түгел сұрастырылып, күдіктілерден саусақ таңбалары алынды. Сергейді тұтқында ұстағандар туралы әзірге толық ақпарат жоқ.


Сергей СЕМЕНЧЕНЯ, оқушы:


- Жергілікті милиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Барлық күшті жұмылдырып, мені тұтқыннан босатты. Мен үшін алаңдап, уайымдап жүрген ата-анама және сыныптастарыма рахмет. Мен ата-анаммен,  туысқандарыммен аман-есен қауышқаныма қуаныштымын.


Тегтер:

петропавл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!