Пәтер тонаушылар құрықталды

Фотография - Пәтер тонаушылар құрықталды

Елордада пәтер тонаумен айналысып келген азаматтар қолға түсті.

253 0

Елордада пәтер тонаумен айналысып келген азаматтар қолға түсті.

23 пен 25 аралығындағы үш азамат «олжаларын арқалап», оқиға орнынан кетіп бара жатқан жерінен құрықталған. Полиция қызметкерлері анықтағандай ұрылар үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге терезе арқылы кірген. Қарақшылар әдеттегідей алтын бұйымдар, ұялы телефон, ноутбук ұрлаған. Сонымен қатар олардан 7 000 АҚШ доллары, 525 мың теңге тәркіленді. Ұрылардың екеуі – Солтүстік Қазақстан, біреуі – Қарағанды облыстарының тумалары. Соңғысы осындай әрекеті үшін бұрын сотталған болып шықты. Жұмыссыз жастардың қымбат көлікпен жүретіні де анықталды.

Айдос РЫСБАЕВ, Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл қылмыстық топ коттедждерде қылмыс жасаған. Қожайындары үйінде болмаған кезде. Олар қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Басқа тағы ашылмаған қылмыстары тексерілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!