Жамбылда офицер өз-өзіне қол салды

Фотография - Жамбылда офицер өз-өзіне қол салды

Жамбыл облысында №21520 әскери бөлімінің аға лейтенанты пәтеріндегі турникте өз белдігіне асылған өлі денесі табылды.

141 0

Жамбыл облысында №21520 әскери бөлімінің аға лейтенанты пәтеріндегі турникте өз белдігіне асылған өлі денесі табылды деп хабарлайды ҚР Әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер қалалық үлгідегі Гвардейский елді-мекенінде тұрып келген. Марқұмның зайыбы дереу №63302 әскери бөлімінен жедел жәрдем шақырғанымен оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

«2013 жылдың 18 наурыз күнгі сағат 11:55 оқыс оқиға бақытсыз жағдайда тіркелді» деп хабарлады Әскери прокуратура өкілдері.

Гвардейский бөлімшесіндегі осы жағдайға байланысты Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып тергеу, тексеру жұмыстарын бастап кетті.

 


Тегтер:

Әскер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!