Қапшағайдағы офицерлерді мас адам пышақтаған

Фотография - Қапшағайдағы офицерлерді мас адам пышақтаған

Қапшағай полицейлері №58012 әскери бөлімінің үш взвод командиріне шабуыл жасаған адамды іздеп жатыр.

141 0

Қапшағай полицейлері №58012 әскери бөлімінің үш взвод командиріне шабуыл жасаған адамды іздеп жатыр. Әзірше күдіктінің кім екені ғана анықталған. Бұл туралы Total.kz порталы Қапшағай прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомства мәліметінше, әскери қызметшілер сол түні көшеде бір қызға маза бермей тұрған мас адамға қызды жөніне қалдыруды ескертпек болған. Ол қалтасынан пышақ алып шығып, оларға «өзі жөндеріңмен кетіңдер» деген.

Текетірес соңы төбелеске ұласып, күдікті бір адамның жүрегіне пышақ сұғып, екіншісін жаралаған. Жүрек тұсынан жараланған әскери қызметші оқиға орнында жан тапсырған.

Ал үшінші командир бұл кезде полиция мен жедел жәрдем шақыруға жүгірген.

Тергеу қызметі күдіктіні анықтаған көрінеді. Алайда оның аты-жөнін әлі жариялаған жоқ. Полиция араша сұраған қыздан жауап алған.

Әскерилердің үшеуі де Павлодар облысының тумасы. Оқиға 16-нан 17-не қараған түні болған. Қайтыс болған жігіт – техникалық взводтың командирі Нұржан Тоқтамысов, ал жараланған командирдің есімі – Аман Қамаров.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!