Шымкентте қалталы әйелдерді тонап келген топ құрықталды

Фотография - Шымкентте қалталы әйелдерді тонап келген топ құрықталды

Шымкентте тонаумен айналысты деген күдікпен үш азамат қолға түсті

142 0

Шымкентте тонаумен айналысты деген күдікпен үш азамат қолға түсті. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күдіктілерді құрықтауға жергілікті әйел тұрғындардың арыздары себеп болған. Айтуларынша, белгісіз біреулер қолдарындағы сөмкелерін тартып алып, көліктеріне отырып, ізін суытып отырған.

Шұғыл іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қаладағы көше қиылыстарының бірінен 21, 24, 25 жастағы үш жігітті қолға түсірді. Үшеуі де ОҚО Ордабасы ауданының тұрғындары.

Қолға түскендер өз кінәларын толықтай мойындап отыр. Тексеру барысында белгілі болғандай, күдіктілер «Мерседес» көлігімен оқиға болатын жерге кешкі уақытта келіп отырған. Негізінен қымбат киінген және жалғыз жүрген әйелдерді тонаған екен.

Қылмыс алдын ала жоспарланған, алдымен күдіктілердің бірі «құрбанын» алдандырып, көше атауын сұрап назарын аударса, екіншісі осы сәтті пайдаланып, қолындағы сөмкесін жұлып кетіп отырған. Ал, бұл сәтте үшінші қылмыскер көліктің тізгінінде әлгі екеуін күтіп отырыпты. Ұрлаған дүниелерін олар жергілікті базарларға алып барып сатқан көрінеді.

Тәртіп сақшылары айғақ ретінде ұсталғандардан «Мерседес» автокөлігін тәркіледі. Сатылмай қалған бағалы заттар өз иелеріне қайтарылған. Әзірге күдіктілердің 4 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталып отыр. келтірілген жалпы шығындары миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!