Алматыда Қазпоштаның орталық кеңсесі тоналды

Фотография - Алматыда Қазпоштаның орталық кеңсесі тоналды

Оның айтуынша, кеше кезекші пультіне Қазпошта кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті

171 0

Алматыда Қазпоштаның орталық кеңсесі тоналды. Бұл туралы  Алматы қаласы бойынша ІІД басшысының баспасөз хатшысы Ермек Болтаевтың сөзіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, кеше кезекші пультіне Қазпошта кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті.

«Анықталғандай, беттеріне бетперде киген екі ер кісі Қазпошта орталық кеңсесін тонаған. Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан ғимаратқа олар еркін ену жолымен кірген және күшпен қорқытып, 46 жастағы күзетшіні скотчпен байлап тастаған. Осыдан кейін электр араның көмегімен Қазпошта қызметкерлеріне жалақы беретін терминалды ашады, ақшаны ұрлап, қашып кетеді. 179 баптың екінші бөлімі «Қарақшылық шабуыл» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлерді іздеу жүргізілуде», - деп қосты Е.Болтаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!