Қылмыстық топ ұсталды

Фотография - Қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

124 0

Ақтөбеде қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Олар өткен жылдың желтоқсан айында валюта айырбастау пунктіне басып кіріп, кассирді қорқытып, 1 миллионға жуық теңге қаржыны ұрлап әкеткен. Қарақшылар сол жолы із суытып үлгерді. Кейін көліктері қала сыртынан табылды. Оның өзі ұрланған көлік болып шықты. Осы жылдың басында қылмыстық топ тағы бір қарақшылық шабуыл жасайды.  Бұл жолы оралдық кәсіпкерді аяғынан атып, ақша салынған сөмкесін тартып алған. Оңай олжаға дәніккендерді полиция ұстады. Қазір бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, Ақтөбе ІІД баспасөз қызметінің инспекторы:

- Полицейлер жедел іздестіру шаралар жүргізу барысында облыс орталығының 23, 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Ал үшіншісіне қатысты іздеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұйымдастырушылық қабілеті бар 25 жастағы бұрын сотталған жігіт қарақшылық шабуыл жасауды шешкен. Жалғыз өзі бұл қылмысты жасай алмайтындығын білген соң, екі танысын тартып, қылмыстық топ құруды шешкен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!